Қазақстандық боксшылар Ұлан-Батырдағы халықаралық турнирді үш алтын медаль олжалады
Қазақстандық жас боксшылар Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Olimpiian Garaa халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста ұлттық құрама қоржынына үш алтын және үш күміс медаль түсті.
Турнир жеңімпаздары қатарында 44 келіде Елнұр Назарбаев, 67 келіде Дінмұхамед Молдахан және +70 келіде Айбын Мәжит болды.
Ал 40 келіде Талғат Серікпай, 52 келіде Ақжол Қошбай және 61 келіде Нұрислам Қаржаубай күміс жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстанның U15 құрамасы халықаралық турнирді үш алтын және үш күміс медальмен аяқтап, жоғары нәтиже көрсетті.
Айта кетейік, Ұлан-Батырдағы жарыста Қазақстан құрамасын аға бапкер Жақсылық Молдаханов бастап барды.
Фото: ҚБФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған