Мәзір
Бокс

Қазақстандық боксшылар Futures Cup турнирін сәтті бастады

Сабина Асқарқызы 65 қаралым
Қазақстандық боксшылар Futures Cup турнирін сәтті бастады

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Futures Cup халықаралық турнирінде қазақстандық үш боксшы алғашқы жекпе-жектерін сәтті өткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Халықаралық дода 8-15 наурыз аралығында өтеді. Турнирде ұлдар мен қыздар түрлі салмақ дәрежелерінде шаршы алаңға шығып жатыр.

Алдымен күндізгі сессияда 54 келі салмақта 1/16 финалда қазақстандық Марал Төлепберген шотландиялық Розие Свейлисті 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Кешкі сессияда тағы екі қазақстандық боксшы жеңіске жетті. 60 келіде 1/32 финалда Досжан Жұмақан кениялық Феликс Очиенг Ониангоны бірінші раундта айқын басымдықпен ұтты. Ал 70 келіде Бибарыс Әшірбай тәжікстандық Мухаммад Мамадалиевтен басым түсті.

Енді бүгін Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Едіге Нұрқожа (55 кг), Досжан Жұмақан (60 кг) және Даниял Шалқарбай (65 кг) шаршы алаңға шығады.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар