457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында әзірге екі алтын медаль иеленді

Азия ойындарында қазақстандық жас боксшылар арасында үшеуі финалда өнер көрсетті

Азия ойындарында қазақстандық жас боксшылар тамаша нәтиже көрсетіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Финалға шыққан 8 отандасымыздың әзірге үшеуі жекпе-жек өткізіп үлгерді. 

Досжан Жұмақан 54 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда ирандық Матин Чамипаны 3:2 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Жұмағали Нұрмахан да өз қарсыласынан айқын басым түсті. 50 келідегі финалда ол үндістандық Ланченба Мойбунгхонгбамды 5:0 есебімен ұтып, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Ал Арман Мырсабит 46 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда төрешілер шешімімен жеңіс өзбек боксшысы Абдугани Еркинжоновқа берілді.

Жалпы, Азия ойындарының финалдық кезеңіне Қазақстан құрамасының 8 боксшысы шыққан еді. Бұл отандық бокстың жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдейтін жетістік болды.

Фото: ҚР бокс федерациясы