457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандық 13 боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шықты

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан U23 жас санатындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

12 шілдеде өткен кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының 12 боксшысы жартылай финалдағы қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Олар:

Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін);

Анита Адишева (51 келіге дейін);

Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін);

Азиза Исина (70 келіге дейін);

Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін);

Бексұлтан Боранбек (55 келіге дейін);

Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін);

Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін);

Аман Қонысбек (75 келіге дейін);

Өнер Сейілхан (80 келіге дейін);

Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін);

Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін).

Бұған қоса, Құралай Егінбайқызы (80 келіден жоғары) қарсыласының шықпауына байланысты тікелей финалға өтті. Осылайша Қазақстан құрамасының U23 санатындағы 13 боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасатын болды.

Ал Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жартылай финалда жеңіліп, Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.

Айта кетейік, U23 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15-16 шілде күндері өтеді.

 

Фото: ҰОК