Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ТМД елдерінің ойындарына қатысады

Әзербайжанның Евлах қаласында 27 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтетін ТМД елдерінің ойындарына қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл сынға 2009-2010 жылдары туған жас боксшылар қатыспақ.
Еліміздің намысын келесі спортшылар қорғайды:
46 келі – Аңсар Үсенхан
48 келі – Қорғанбек Балтин
50 келі – Аслан Жеңіспаев
52 келі – Едіге Нұрқожа
54 келі – Жалғас Апбаз
57 келі – Ұлас Әлімжан
60 келі – Ислам Сүлейменұлы
63 келі – Алдияр Баяндинов
66 келі – Әмір Рамазан
70 келі – Дарын Төлеген
75 келі – Төреғали Сейдуллаев
80 келі – Бауыржан Әлиақбар
+80 келі – Еркетаң Жарқынбек
Жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін тәжірибелі маман Бағдат Оңғарбеков атқарады.
Алда – ел чемпионаты
Айта кетейік, биыл бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты Семей қаласында өтеді. 12-19 қазан аралығында жоспарланған бұл додада еліміздің барлық өңірінен жиналған тәжірибелі спортшылар әр салмақта өзара мықтыны анықтайды.
Бұл жарыстар жасөспірімдер үшін де үлкен ынталандыру болмақ, себебі ел чемпионаты ұлттық құраманың жаңа легін анықтауда басты сынақтардың бірі саналады.
Фото: Қазақстан бокс федерациясы


Ең көп оқылған
