Қазақстанның бокс құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ұлттық құрама боксшылары Болгарияда өтетін ірі халықаралық «Странджа кубогы» турнирінде сынға түседі.
2026 жылы аталған турнир 77-рет ұйымдастырылмақ. Өткен жылы бұл сында ҚР ұлттық құрамасы бес алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ, 8 күміс, 4 қола жүлдеге қол жеткізді. Әзірге кіші әлем чемпионатына баланатын сынға нақты қай бокшылардың қатысатыны айтылмады.
Фото: ҚР бокс федерациясы