457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

Бұл ақпарат КФПБ-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария болды. 

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының (КФПБ) президенті Рахымжан Ерденбековтің атынан Жәнібек Әлімханұлының B сынамасын ашу рәсіміне байланысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл ақпарат КФПБ-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария болды. 

«Бүгін АҚШ-тың Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында халықаралық антидопингтік регламенттерге толық сәйкес және барлық процессуалдық талаптар сақтала отырып, спортшы Жәнібек Әлімханұлының B сынамасын ашу рәсімі өткізілді.Аталған рәсімнің маңызы өте жоғары, себебі ол объективті әрі тәуелсіз тексерудің негізгі элементі болып саналады. B сынамасын ашу спортшы командасының өкілдерінің, салалық мамандардың және белгіленген тәртіп бойынша процеске қатысуға рұқсат етілген барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өтті. Бұл өз кезегінде кез келген процессуалдық заңбұзушылықтардың болуын толықтай жоққа шығарып, барынша ашықтықты қамтамасыз етеді», - деп жазылған мәлімдемеде.

Сондай-ақ, рәсім қорытындысы бойынша B сынамасы қайта мөрленіп, осындай зерттеулер жүргізуге уәкілетті халықаралық аккредиттелген зертханаға ресми түрде тапсырылғаны атап өтілді.

Талдау жұмыстары біріңғай халықаралық стандарттарға сай, қандай да бір сыртқы ықпалсыз немесе араласусыз жүргізілуде.

«Айрықша атап өткім келеді: қазіргі кезеңде қандай да бір қорытынды жасауға, айып тағуға немесе интерпретация беруге заңдық та, фактілік те негіз жоқ. Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясы спортшының кінәсіздік презумпциясын қатаң ұстанады және барлық рәсімдерге құрметпен қарайды. Федерация таза әрі адал спортты қолдайды, халықаралық антидопингтік тетіктерді құрметтейді, ресми зертханалық қорытынды алынғанға дейін алыпсатарлыққа, қысым көрсетуге және ақпараттық шуға жол бермейді. Қоғамдық қызығушылықтың жоғары екенін түсіне отырып, Федерация бұл жағдайда сабырлы, байыпты және тек құқықтық алаң аясында әрекет етуді өзінің міндеті санайды. Тек зертханалық талдаудың ресми нәтижелері ғана кейінгі шешімдер мен жария мәлімдемелерге негіз болады», - деді федерациясы тарапы. 

Сондай-ақ Федерация өкілдері жағдайдың дамуына қатысты ақпарат белгіленген тәртіпке сай, уақтылы және расталған құжаттар негізінде жарияланатынын мәлімдеп отыр. 

Фото: Ашық дереккөзден