Қазақстан боксшылары әлем рейтингте көш бастады
World Boxing ұйымы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялап, ерлер және әйелдер арасындағы барлығы 20 салмақ дәрежесінің ішінде 18 салмақта Қазақстан боксшыларының есімі енді, деп жазады malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, оның ішінде 7 отандасымыз көш бастаған.
Қазақстан боксшыларының әлемдік рейтингі төмендегідей:
Ерлер:
50 келі – Санжар Тәшкенбай (1-орын);
55 келі – Махмұд Сабырхан (1-орын);
65 келі – Ертуған Зейнуллинов (7-орын);
70 келі – Төрехан Сабырхан (1-орын);
75 келі – Сабыржан Аққалықов (9-орын);
80 келі – Нұрбек Оралбай (2-орын);
85 келі – Дәулет Төлемісов және Бекзат Нұрдәулетов (9-орын);
90 келі – Сағындық Тоғамбай (7-орын);
+90 келі – Айбек оралбай (1-орын).
Әйелдер:
48 келі – Назым Қызайбай (1-орын);
51 келі – Алуа Балқыбекова (2-орын) және Жәзира Орақбаева (11-орын);
57 келі – Карина Ибрагимова (10-орын), Ұлжан Сәрсенбек және Айдана Забынбекова (15-орын);
60 келі – Виктория Графеева (3-орын);
65 келі – Аида Әбікеева (1-орын);
70 келі –Наталья Богданова (1-орын);
75 келі – Надежда Рябец (12-орын);
80 келі – Гүлсая Ержан (6-орын);
+80 келі – Елдана Тәліпова (3-орын).
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде 14-21 қазан аралығында бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған