Қазақстан боксшылары әлем кубогында үш алтын медаль иеленді
Бокстан Қытайда өтіп жатқан әлем кубогының кезеңдік бәсекесінде Абылайхан Жүсіпов, Назым Қызайбай және Виктория Графеева бокстан өткеналтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен әлем чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов финалда үндістандық Дипакпен кездесіп, жекпе-жек бойы басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) жеңіске жетіп, Әлем кубогының чемпионы атанды. Турнир барысында ол жартылай финалда иорданиялық Азия чемпионы Зейад Ишаишті, ширек финалда өзбекстандық Шавкатжон Болтаевты жеңген болатын.
Әйелдер арасында 54 келіге көтерілген үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай финалда Италия өкілі, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Сирине Чараабиден басым түсті. Қазақстандық боксшы барлық үш раундта да сенімді өнер көрсетіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Назым Әлем кубогындағы кезекті алтын медалін иеленді.
Ал 60 келіде өнер көрсеткен әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Линь Юй-Тинмен қолғап түйістірді. Алғашқы раунд қарсыласының еншісіне жазылғанымен, отандасымыз қалған раундтарда мінез танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Виктория да Әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған