457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатынан кейін Астанаға оралды

Астана халықаралық әуежайында Ливерпуль қаласында өткен жаһандық доданың жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды

6 қыркүйек күні Астана халықаралық әуежайында Ливерпуль қаласында өткен жаһандық доданың жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды malimsports.kz

Еlordainfo.kz-тің жазуынша, 2025 жылы көпшілік асыға күткен бокстан World Boxing ұйымының ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Ливерпуль төрінде 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап, жалпы командалық есепте топ жарған болатын.

Спортшыларды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы
Руслан Бердалин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, туған-туыстары, спорт жанкүйерлері құшақ жая күтіп алды.

Олардың қатарында ағайынды Оралбайлар, Санжар Тәшкенбай, Бекзат Нұрдәулетов, Сабыржан Аққалықов, Сағындық Тоғамбай мен бас бапкер Қайрат Сәтжанов бар.

«Қазақстан боксшылары 1993 жылдан бері  жаһандық додаға қатысып келе жатса да, әлі күнге дейін аса ауыр салмақта чемпион шықпапты. Міне, сол межеге бірінші болып жеткеніме өте қуаныштымын. Бұйырса, алдағы уақытта тарихты одан әрі жаңғыртсам деген ниетім бар. Өздеріңіз білетіндей, Париж Олимпиадасын сәтсіз өткіздім. Енді 2028 жылы сол кеткен есемді қайтарсам деймін. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Ал әлем чемпионатына келетін болсам, менің финалдық жекпе-жегімнің алдында Қазақстан мен Өзбекстан 6 алтынмен теңесіп тұрған еді. Сондықтан соңғы секундқа барымды салып жеңісті жқлып алдым. Жалпы командалық есепте топ жару - қазақ жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлағаны сөзсіз», - деді ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай.

Айта кетейік, 2023 жылы Ташкент төрінде Нұрбек Оралбай топ жарып еді. Енді егіз Оралбайлардың да еншісінде әлем чемпионатының алтын жүлдесі бар.

«Әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиынында жеке бапкеріммен басты қарсыластарымды зерттеп, арнайы тактика түзгенбіз. Басты назарды солақай боксшыларға аудардық. Дәл солай болды да... Шынымды айтсам, Ливерпульде қазақтардың тарапынан дәл осындай жалынды қолдау болады деп күтпедім. Бұл да қосымша жігер болып, сенімділік берді», - деп ең жеңіл 50 келідегі Санжар Тәшкенбай өз эмоциясымен бөлісті. 

Осы орайда Санжар Тәшкенбай (50 келі) мен Махмұд Сабырханның (55 келі) араға 18 жыл салып, 2 дүркін чемпион атанған санаулы боксшылардың қатарына кіргенін атап өткеніміз жөн.

Чемпионатқа 68-ден елден 540 спортшы қатысты. Ал Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы өз тарихындағы үздік үшінші нәтижесін тіркеді.

Фото: elordainfo.kz