457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан боксшылары әлем чемпионатын жалпыкомандалық есепте екінші орынмен аяқтады

Қазақстандық төрт боксшы финалға жолдама алып, соның үшеуі алтын медаль еншілед

Бокстан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді. Ұлттық құрама спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше салмақ дәрежесінде жүлдеге қол жеткізді.

Аталған додадақазақстандық төрт боксшы финалға жолдама алып, соның үшеуі алтын медаль еншіледі. Сонымен қатар бір күміс және екі қола жүлде қоржынға түсті.

Әлем чемпионы атанғандар қатарында Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) бар. Ал Сабыржан Аққалықов (75 кг) финалға дейін жетіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) қола медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есептегі нәтижелер:

Ресей – 7 алтын, 5 күміс, 1 қола

Қазақстан – 3 алтын, 1 күміс, 2 қола

Өзбекстан – 2 алтын, 4 күміс, 3 қола

Әзірбайжан – 1 алтын, 2 қола

Қырғызстан – 1 күміс, 1 қола

Тәжікстан – 1 күміс, 1 қола

Беларусь – 1 күміс

Армения – 5 қола

Грузия – 2 қола

Непал – 1 қола

Замбия – 2 қола

Испания – 2 қола

Молдова – 1 қола

Мали – 1 қола

Түрікменстан – 1 қола

Куба – 1 қола.