457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалына шыққан құрамалар анықталды

Маңғыстаулық спортшылар 8:7 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль үшін таласу мүмкіндігіне ие болды.

Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясы кубогының жартылай финалдық кездесулері өтті.

Алғашқы жартылай финалда Қарағанды облысы мен Шымкент қаласының былғары қолғап шеберлері өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен бәсекеде шымкенттік боксшылар ширақ қимылдап, қарсыласынан 9:6 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Екінші жартылай финалда Маңғыстау облысы мен Астана қаласының құрамалары жұдырықтасты. Тең дәрежеде өткен жекпе-жектер сериясында маңғыстаулық спортшылар 8:7 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль үшін таласу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, шымкенттік боксшылар ширек финал кезеңінде А тобында 22–28 қыркүйек аралығында өткен бәсекелерде Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының спортшыларын артқа тастап, үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Ал астаналық боксшылар В тобында 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарының құрамаларын жеңіп, жартылай финалға жолдама алған еді.

Енді жексенбіде Қазақстан бокс федерациясы кубогының финалдық кездесулері өтіп, бірінші және үшінші орын иегерлері анықталады.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы