Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына дайындықты бастады
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға қойылған басты мақсаттары жайлы айтып берді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бас бапкер желтоқсан айында Түркістан облысында 21-күндік оқу-жаттығу жиынын өтіп жатқанын атады. Оның сөзінше, негізгі жұмыс жалпы дене дайындығына және спортшылардың күшін арттыруға бағытталған көрінеді.
Келер жылы қыркүйек айындағы Азия ойындары - алдағы ең маңызды біріншілік.2026 жыл бойы қатысатын турнирлер мен жаттығу жиындары осы кешенді жарысқа дайындық есебінде болмақ.Қаңтарда Алматы облысында жаттығу жиынын өткізу жоспарланып отыр. Әрі қарай Еуропада өтетін бірнеше турнирге қатысамыз", - деді бас бапкер федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған