Қазақ боксшылары Азия чемпионатының соңғы күнінде бес алтын медаль жеңіп алды
Индонезияның Джакарта қаласында өткен U19 және U23 жас санаттары арасындағы бокстан Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан құрамасы жарыстың соңғы күнінде бес алтын медаль жеңіп алып, турнирді жарқын нәтижемен қорытындылады.
Шешуші жекпе-жектерде бес қазақ былғары қолғап шебері Азия чемпионы атанды:
Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) – жапониялық Кунимицу Хондзёны 5:0 есебімен жеңді;
Владислав Саможонов (+90 келі) – өзбекстандық Ислам Салиховтан 3:2 есебімен басым түсті;
Аман Қонысбек (75 келіге дейін) – қырғызстандық Алмаз Орозбековты 4:1 есебімен ұтты;
Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) – өзбекстандық Норбек Абдуллаевты 4:1 есебімен жеңді;
Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) – өзбекстандық Самир Собировты төрешілердің аралас шешімімен (3:2) жеңіп, Қазақстан қоржынына соңғы алтынды салды.
Өзбекстанмен өткен жеті финал
Финалдық кездесулердің жетеуінде Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары өзара жұдырықтасты.
Қазақстан құрамасы сапынан Владислав Саможонов, Темірлан Мұқатаев және Ибрагим Бетаев жеңіске жетсе, қалған төрт кездесуде қарсыластар басым түсті:
Әділ Асқанбай – Откизбек Нозкосимов 0:5;
Тимур Тайбеков – Аброрбек Шарипов 0:4;
Руслан Ахметов – Сардорбек Бахромхужаев 2:3;
Өнер Сейілхан – қазіргі әлем чемпионы Фазлиддин Еркинбоев 1:4.
Сондай-ақ Нұрбек Мұрсал өткен жылғы Азия чемпионы Абдуллох Мадаминовтан 0:5 есебімен жеңілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионатын жоғары нәтижемен аяқтады. Құрлық біріншілігі 3-16 шілде аралығында Джакартада өтті. Ел намысын ерлер мен әйелдер арасындағы екі жас санатында барлығы 39 боксшы қорғады.
Фото: ҚБФ
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған