«Қателеспейтін адам жоқ»: Батыр Жүкембаев Данияр Елеусіновке қолдау білдірді
Белгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев жуырда Астанада жол-көлік оқиғасына байланысты әкімшілік қамауға алынған Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қолдау білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жүкембаев әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесінің басына түскен жағдайға қатысты пікір білдіріп, қазақстандықтарды Даниярды жаппай айыптаудан аулақ болуға шақырды.
Данияр – еліміздің абыройын әлемге танытқан спортшы. Қазір оған біздің кінәлауымыз емес, керісінше, адами қолдауымыз қажет. Қателеспейтін адам жоқ, - деп жазды боксшы.
Оның айтуынша, кез келген адам өмірде қателік жіберуі мүмкін. Соған қарамастан, Данияр Елеусіновтің қазақ спортының дамуына қосқан үлесі мен халықаралық аренадағы жетістіктері ешқашан ескерусіз қалмауы тиіс.
Батыр Жүкембаев қиын кезеңде спортшыға моральдық қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай сәтте қоғам түсіністік танытуы қажет екенін жеткізді.
Еске салайық, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астанада болған жол-көлік оқиғасынан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Фото: Sports.kz.
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған