457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағандылықтар әлем чемпионы Аида Әбікееваға көлік сыйлады

Қарағандылық спортшы алтын медаль жеңіп алып, өз үстемдігін дәлелдеп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанған болатын.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы Аида Әбікееваны салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Қарағандылық спортшы алтын медаль жеңіп алып, өз үстемдігін дәлелдеп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Аида Әбікеваның жетістігі мемлекет деңгейінде жоғары бағаланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған «Құрмет» орденін табыстап, қаржылай сыйақы берді. 

Ал туған қаласында чемпионға автокөлік сыйға тартылды, жеке бапкері Ислам Әбдраимовқа 5 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Жоғары бағамен қатар, алғысқа әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин мен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Аиданың жеке тәлімгері Ислам Әбдраимов та ие болды.

Аида Әбікеева да көрсетілген құрмет пен қолдауға ризашылығын білдірді. Ол Англияға сапар алдында басты мақсатын айқындағанын айтты – әлемнің екі дүркін чемпионы болу. Спортшы сол межеге жетті.

Ендігі негізгі мақсат – 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу. Қазір спортшыға қысқа уақыт демалыс қажет. Ал келесі жылдан бастап Азия ойындары мен әлем кубоктарына дайындық басталмақ.

– Әлем чемпионатынан кейін кездесулер өте көп болып, толыққанды демалуға уақыт тапшы болды. Осындай зор қолдау үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Қазақстан халқына, туған жеріме ерекше ризамын. Бұл – маған туған елімнен тарту етілген екінші көлік. Алғашқысын наурыз айында Сербияда өткен әлем чемпионатындағы жеңістен кейін алған едім, – деді чемпион.