457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қайрат Сәтжанов бокс федерациясының вице-президенті болып тағайындалды

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері федерацияның жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне кіріскен.

Бокс федерациясында ауыс-түйістер жасалып, Мұхтархан Ділдәбеков қызметтік бағытын өзгертті, деп хабарлайды malimsports.kz

1bol.kz-тің жазуынша, оның орнына Қайрат Сәтжанов федерацияның жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалған. 
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, әр жылдары Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарғаны көпшілікке белгілі. Енді белгілі маман жаттықтырушылар жұмысын үйлестіріп, дайындық жоспарына жұмыс істейді.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан бокс федерациясының жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған Мұхтархан Ділдәбеков енді отандық боксты дамыту, ішкі үйлестіру мәселелеріне жауапты болмақ.

Фото: egemen.kz