457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Пакьяо ұзақ үзілістен кейін Лас-Вегаста жекпе-жекке шығады 

10 раундқа жоспарланған айқас көрме форматында өтпек. 

Мэнни Пакьяо 18 сәуір күні Лас-Вегаста (АҚШ) ресейлік боксшы Руслан Проводниковпен көрме жекпе-жек өткізетін болды, деп жазады malimsports.kz.   

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 10 раундқа жоспарланған айқас көрме форматында өтпек.  47 жастағы Пакьяо үшін бұл төрт жылдық үзілістен кейінгі екінші жекпе-жек болмақ. Ол соңғы рет 2025 жылдың шілдесінде WBC тұжырымы бойынша чемпион Марио Барриосқа қарсы шаршы алаңға шығып, кездесу тең нәтижемен аяқталған еді.

Филиппиндік боксшы сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған тарихтағы жалғыз спортшы. Ол 2021 жылы мансабын аяқтағанын жариялағанымен, 2025 жылы рингке қайта оралған еді. 

Ал 42 жастағы Руслан Проводников 2013-2014 жылдары WBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта чемпион болған. Оның соңғы кәсіби жекпе-жегі 2016 жылы өтіп, америкалық Джон Молина-кішіге есе жіберген еді.

Фото: Getty Images