Мәзір
Бокс

Өзбекстанның Олимпиада чемпиондары Қазақстанда жаттығу өткізіп жатыр

Сабина Асқарқызы 134 қаралым
Өзбекстанның Олимпиада чемпиондары Қазақстанда жаттығу өткізіп жатыр

Бокстан Өзбекстан ұлттық бокс құрамасы Қазақстанға келіп, бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Өзбекстан бокс федерациясы мәліметінше, 12-26 наурыз аралығында Шымкент маңындағы Alma-Tau спорт базасында халықаралық жаттығу лагері өтеді. Оған Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларымен қатар басқа елдердің боксшылары да қатысуда.

Жиын алдағы ірі жарыстарға, соның ішінде Азия чемпионаты мен Бразилияда өтетін Әлем кубогына дайындықтың маңызды кезеңі саналады.

Өзбекстан құрамасы Қазақстанға 29 боксшы алып келген. Олардың қатарында Абдумалик Халоков, Асадхуджа Муйдинхуджаев, Турарбек Хабибуллаев, сондай-ақ Жавохир Умматалиев мен Шодиёржон Меликузиев секілді Олимпиада және әлем чемпиондары бар.

 

 

Фото: Aytac Unal/Anadolu via Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар