457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы допинг қолданғаны үшін спорттан үш жылға шеттетілді

Өзбекстан өкілі өз кінәсін мойындағандықтан, спорттан шеттету мерзімі 4 жылдан 3 жылға қысқартылған.

Халықаралық допинг тестілеу агенттігі (ITA) таратқан мәліметке қарағанда, 26 жастағы өзбекстандық боксшы допинг салдарынан үш жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, Лазизбек Муллажоновтан 2025 жылғы 11 маусымда алынған сынамадан тыйым салынған метастерон табылған. Өзбекстан өкілі өз кінәсін мойындағандықтан, спорттан шеттету мерзімі 4 жылдан 3 жылға қысқартылған.

Л.Муллажонов – 2022 жылғы Азия чемпионы, 2023 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ол 2024 жылы Париж олимпиадасында 92 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.

Фото: Xabar.uz