Өзбекстандық даңқты боксшы 76 жасында дүниеден өтті
Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Руфат Рысқиев ауыр науқастан кейін 76 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Өзбекстан бокс федерациясы мен бүкіл бокс қауымдастығы атынан Руфат Рысқиевтің туған-туыстары мен отбасы мүшелеріне қайғыра көңіл айтамыз, – делінген федерацияның мәлімдемесінде.
Руфат Рысқиев 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол КСРО-ның төрт дүркін чемпионы (1972, 1974-1976) атанып, 1974 жылы Кубаның Гавана қаласында өткен тарихтағы алғашқы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
1976 жылғы Монреаль Олимпиадасында финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте америкалық Майкл Спинкске есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, 2016 жылы көктамыр тромбозының асқынуына байланысты Руфат Рысқиевтің оң аяғына ампутация жасалған болатын.
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған