457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстандық бокс жұлдызы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері.

Бокстан әлемнің экс-чемпионы, өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов (10-2-1, 7 KO) қазақстандық жеңілмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) орта салмақтағы мүмкін жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Егер мен 160 фунт салмақ дәрежесіне көтерілсем, барлық чемпиондармен айқасуға ұмтыламын. Жәнібекке деген құрметім ерекше, мұнда ешқандай жеке мәселе жоқ. Бұл тек спорт — және мен Жәнібекпен кездесуге қуана келісер едім. Бұл — мен үшін мәртебе. Қазақстан – Өзбекстанға көршілес ел, сондықтан екі мықты бокс ұлты арасындағы керемет айқас болар еді», – деді Мадримов The Ring-ке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақтағы IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулерінің иегері.

Фото: Ашық дереккөзден