457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Өзбекстандық бокс жұлдыздары бас бапкерге қымбат көлік сыйлады

Тулкин Киличев 2022 жылдың тамыз айында Өзбекстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері болып тағайындалған

Өзбекстанның кәсіби бокста үлкен жетістікке жеткен танымал спортшылары –Муроджон Ахмадалиев, Исраил Мадримов және Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов ұлттық құраманың бас бапкері Тулкин Киличевке үлкен сый жасады, деп хабарлайды malimsports.kz.

1 қазан –  Мұғалімдер мен тәлімгерлер күні қарсаңында шәкірттері 42 жастағы маманға заманауи Mercedes автокөлігін тарту етті. Бұл жаңалық спорт саласында ғана емес, жалпы қоғамда да үлкен қызығушылық пен құрметке ие болды.

Тулкин Киличев 2022 жылдың тамыз айында Өзбекстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. Оның жетекшілігімен құрама қысқа уақыт ішінде бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді:

2023 жылғы әлем чемпионаты мен 2024 жылғы Әлем кубогында өзбек боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды;

2024 жылғы Париж Олимпиадасында шәкірттері бес алтын медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже өзбек боксының тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Осы табыстары үшін Қиличев 2024 жылы Азия бокс конфедерациясы тарапынан құрлықтың үздік бапкері атағына ие болды.

Шәкірттердің алғысы

Ахмадалиев, Мадримов және Жалолов өз ұстазының еңбегін жоғары бағалап, дәл осы сыйлық арқылы шынайы ризашылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, бапкердің қолдауы мен бастамашылдығы – табысқа жетудің басты факторы болған.

Mercedes көлігі шәкірттердің ұстазға деген құрметі мен алғысының жарқын символына айналды. Бұл оқиға өзбек боксының табыстарын ғана емес, сонымен бірге бапкер мен шәкірт арасындағы шынайы сыйластық пен ізгілікті де айқын көрсетті.