Өзбекстан құрамасы Азия чемпионатына қатысатын боксшыларын жариялады
Өзбекстанның бокс құрамасы 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Құрлықтық дода 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өтеді.
Команда сапында барлығы 20 боксшы бар – 10 ер және 10 әйел спортшы. Алайда бұл жолы құрамға ұлттық құраманың бірнеше басты жұлдыздары енбей қалды.
Атап айтқанда, Париж Олимпиадасының чемпиондары Абдумалик Халоков (60 кг) пен Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг) жарысқа қатыспайды. Сондай-ақ 85 келі салмақтағы әлем чемпионы Акмальжон Исроилов та тізімнен тыс қалған.
Ерлер құрамасы:
50 кг – Асилбек Жалилов
55 кг – Шахзод Музаффаров
60 кг – Абдурахмон Махмуджонов
65 кг – Абдуллох Мадаминов
70 кг – Хавасбек Асадуллаев
75 кг – Жавохир Абдурахимов
80 кг – Фазлиддин Эркинбоев
85 кг – Жасурбек Юлдошев
90 кг – Халимжон Мамасолиев
90+ кг – Арман Маханов
Азия чемпионаты аймақтағы ең беделді жарыстардың бірі саналады. Биылғы додада Өзбекстан құрамасының жаңартылған құрамы қандай нәтиже көрсететіні қызығушылық тудырып отыр.
Фото: Boxing Uzbekistan
Ең көп оқылған