Өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов BoxRec рейтингінен шығарылды
Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы, кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Хасанбой Дусматов BoxRec статистикалық порталының рейтингінен шығарылды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Мұндай шешімнің қабылдануына BoxRec ережесі себеп болды. Аталған талапқа сәйкес, егер боксшы кәсіпқой рингте бір жылдан астам уақыт жекпе-жек өткізбесе, ол рейтингтен автоматты түрде шығарылады.
Дусматов кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2025 жылдың 20 шілдесінде Қырғызстанның Бішкек қаласында өткізген. Сол жекпе-жекте ол филиппиндік Марк Антонионы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (80:72, 79:73, 80:72) жеңген болатын.
Кейін өзбекстандық боксшының бірнеше кездесуі өтпей қалды. 2025 жылдың қазанында Бішкекте мексикалық Калистомен жұдырықтасуы жоспарланғанымен, салмақ өлшеу рәсімінен өте алмай, денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Ал 2026 жылдың сәуірінде WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін пуэрто-риколық Джонатан Гонсалеспен өтетін кездесу ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты болмады.
Осының салдарынан Хасанбой Дусматов кәсіпқой рингте бір жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбей, BoxRec рейтингінен шығарылды.
Соған қарамастан, ол осы уақыт аралығында әуесқой бокста белсенді өнер көрсетті. Былтыр желтоқсанда IBA аясында өткен әлем чемпионатында топ жарып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды.
Фото: Өзбекстан бокс федерациясы
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған