Оразбек Асылқұлов бокстан әлем чемпионы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының боксшы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды malimsports.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен үш раундқа созылған айқаста отандасымыз толық басымдық танытты. Осылайша ол төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетіп отыр.
Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының алтын медалін қанжығасына байлаған жайы бар. Аталған алтын медаль Қазақстан құрамасының Дубайдағы әлем біріншілігіндегі екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов та әлем чемпионы атанған болатын.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған