Оразбек Асылқұлов Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастады
Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан шаршы алаңға әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов шығып, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеттті. Осылайша, отандасымыз жарыстың ширек финалына жолдама алды.
1/8 финалда ол Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды айқын басымдықпен жеңді. Келесі кездесуде Асылқұлов жапониялық Шунсуке Китамотомен жұдырықтасады, ол бұған дейін сенсациялық түрде тәжікстандық Акмаль Убайдовты ұтқан болатын.
Айта кетейік, Асылқұлов қазіргі уақытта IBA бойынша 57 келіге дейінгі әлем чемпионы. 2026 жылдан бастап ол Олимпиадалық 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.
Фото: ҰОК
Ең көп оқылған