Мәзір
Бокс

Оралда жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді

Сабина Асқарқызы 169 қаралым
Оралда жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді

Орал қаласында жасөспірім арасында бокстан ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

2012 жылы туған спортшылар арасындағы біріншілік «Жайық» спорт кешенінде өз мықтыларын анықтамақ. 

Жарыс 19 қаңтарда 14:00-де басталады. Ал чемпионаттың шешуші жекпе-жектері 24 қаңтар күні ұйымдастырылып, финалдық бәсекелер сағат 12:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін ересектер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионаты өткен жылдың қазан айында Семей қаласында өткен болатын.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар