Мәзір
Бокс

Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шықты

Сабина Асқарқызы 161 қаралым
Он қазақстандық боксшы жасөспірімдер Азиадасының жартылай финалына шықты

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жарыстар өз жалғасын табуда, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыстың жартылай финалына жалпы есебі он қазақстандық боксшы жолдама алды. Осы нәтижемен олар кем дегенде қола медальді иеленуді қамтамасыз етті.

Жартылай финалда ел намысын Рамина Маханова (54 келіге дейін), Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Нұрмахан Жұмағали (50 келіге дейін), Санжар Матасов (75 келіге дейін), Досжан Жұмахан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін) және Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) қорғайтын болады.

Айта кетсек, жартылай финалдық кездесулер 28 қазанда өтеді.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар