457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Өмір бойы дисквалификаға кетуі мүмкін»: Костя Цзюдің ұлының титулдық жекпе-жегінің нәтижесі жойылды 

Бұл айқас Брисбен қаласында өткен турнирдің басты кездесуі болған.

Аустралиялық кәсіби боксшылар Никита Цзю мен Майкл Зерафа арасындағы WBO International белбеуі үшін өткен жекпе-жек өтпеген деп танылды, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл айқас Брисбен қаласында өткен турнирдің басты кездесуі болған. Кестеге сәйкес, орта салмақтағы (72,6 кг дейін) бос тұрған WBO International белбеуі үшін 10 раундтық жекпе-жек жоспарланған еді.

Бірақ екінші раундта спортшылар басымен соқтығысып, үшінші раунд басында Зерафа жарысты жалғастырудан бас тартты. Ол өзін нашар сезінетінін айтып, басына тиген соққыдан кейін дұрыс бағдарлай алмайтынын мәлімдеді. Рефери жекпе-жекті тоқтатып, матч өтпеген болып жарияланып, белбеу әзірге иесі таппады. Зерафа кешірім сұрағанымен, бірақ көрермендердің көпшілігі оған қатты ысқырып реніш білдірді. 

Никита Цзюдің әкесі бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Костя Цзю қарсыласқа гонорар төлемеуді ұсынған. 

«Промоутер осындай шешім қабылдай алады. Көрейік, олар не дейді. Бірақ матчтың сәтсіздікке ұшыраған жағдайына сілтеме жасауға болады. Мен реваншты көргім келеді, бірақ менің ойымша, бұл боксшыны қазір өмір бойы дисквалификациялауы мүмкін. Теориялық тұрғыдан бұл мүмкін», — деп мәлімдеді Цзю «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында. 

Еске салсақ, 27 жастағы Никита Цзю кәсіби рингте өткен 11 кездесуін де жеңіспен аяқтаған (соның тоғызы – нокаутпен). 33 жастағы Майкл Зерафаның есепте 34 жеңіс (22 – нокаутпен) және бес жеңіліс (екі - нокаутпен) бар.

Фото: Ашық дереккөзден