Мәзір
Бокс

Олимпиадада қазақстандық боксшының қарсыласы болған боксшы кәсіби бокста жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 75 қаралым
Олимпиадада қазақстандық боксшының қарсыласы болған боксшы кәсіби бокста жеңіске жетті

Пуэрто-Рикода кәсіби бокс кеші өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Пуэрто-Риколық бұрынғы әлем чемпионы Джонатан Гонсалес (29-4-1, 14 КО) талантты жерлесі Янкиэль Ривераны (7-1-1, 3 КО) жеңіп кетті. Төрешілер шешімі: 117-110, 116-111 және 114-113.

28 жастағы Ривера үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс болды. Бұған дейін ол кездесудің фавориты саналған еді.

Айта кетейік, Джонатан Гонсалес Токиодағы Олимпиадада қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа алғашқы кездесуінде ұтылған болатын.

 

 

 

Фото: instagram/yankiel_doctorcito

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар