457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Олимпиада чемпионы атанған ресейлік боксшы спорттық мансабында үзіліс жариялады

Оның айтуынша, мансабындағы алғашқы жеңіліс өмірге және спортқа деген көзқарасын өзгерткен.

Бокстан Токио Олимпиадасының чемпионы Альберт Батырғазиев кәсіби мансабын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл жөнінде 27 жастағы спортшы Instagram парақшасында хабарлады.

«Кәсіби мансабыма саналы түрде үзіліс алуды жөн көрдім. Бокс менің өмірімнің үлкен бір бөлігі болып қала береді. Сондықтан бұл шешім маған оңай тиген жоқ», - деп жазды Батырғазиев.

Оның айтуынша, мансабындағы алғашқы жеңіліс өмірге және спортқа деген көзқарасын өзгерткен. Енді ол қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, бұрыннан жоспарлаған жобаларға, соның ішінде туған өңірлеріндегі спорт инфрақұрылымын дамытуға көбірек көңіл бөлмек.

Боксшы спортпен толық қоштаспайтынын, белсенді файтер мәртебесін сақтайтынын атап өтті.

«Бұл - қоштасу емес, уақытша “сау бол” деу ғана», - деді ол.

Альберт Батырғазиев - Токио Олимпиадасының (57 кг) чемпионы. Кәсіби рингте 2020 жылдан бері 13 жекпе-жек өткізіп, 12 рет жеңіске жеткен.

Шілде айының басында Стамбұлда өткен турнирде ол мансабындағы алғаш рет жеңіліске ұшырап, британдық Джеймс Диккенстен төртінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді. Осылайша боксшы WBA уақытша чемпионы белбеуінен айырылған болатын.

Фото:  Global Look Press