Нұржан Насанов бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды
Бокстан ҚР ұлттық құрамасының бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ол бұл қызметті атқарған Қайрат Сәтжановты алмастырды.
Қайрат Сәтжанов 2024 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарды. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысының жетекшілігімен ерлер командасы көптеген халықаралық турнирлерде топ жарып, әлем чемпионатының жүлделерін иеленді. 35 жылдан аса тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бұл қызметтен бас тартуына тура келді, - деп жазылған федерациясы хабарламасында.
Айта кететін жайт, жаңа бапкер бокстан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке жаттықтырушысы. Оның шәкірті 2023 және 2025 жылдары өткен әлем біріншіліктерінде топ жарған.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған