457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрбек Оралбай Boxam Elite-2026 турнирін жеңіспен бастады

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда ол Украина өкілі Данило Жасанмен кездесті

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан халықаралық Boxam Elite-2026 турниріндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда ол Украина өкілі Данило Жасанмен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бөлінген шешіммен (3:2) жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осылайша, Нұрбек Оралбай жартылай финалға шығып, турнирде кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – Олимпиада-2024 күміс жүлдегері және әлем чемпионы (IBA, 2023). Ал оның қарсыласы Данило Жасан – World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бұл турнир Қазақстан ерлер құрамасы үшін жаңа бас бапкер Нұржан Насановтың жетекшілігіндегі алғашқы ресми жарыс болып отыр. Ол бұған дейін ұлттық құраманы басқарған Қайрат Сәтжановтың орнына тағайындалған.

Халықаралық Boxam Elite-2026 турнирі 7-8 ақпан аралығында аяқталады.

Фото: ҰОК