Нұрбек Оралбай әлем кубогін сенімді жеңіспен бастады
Қытайдың Гуйян қаласында бокстан Әлем кубогінің екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің алғашқы күнінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шықты.
1/8 финалдағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкілі Гичшае Киммен кездесті. Оралбай айқас барысында қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Нәтижесінде төреші екінші раундта кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келі салмақта Серік Теміржанов та Германия өкілі Денис Брилді 5:0 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастаған еді.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған