457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Нұрбек Оралбай әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

1/16 финалда отандасымыз украиналық Матвей Ражбуды айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді.

80 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы, Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

1/16 финалда отандасымыз украиналық Матвей Ражбуды айқын басымдықпен 5:0 есебімен жеңді. Бірінші раундта барлық төреші қазақстандықтың пайдасына ұпай берді (5:0). Екінші раундта да Оралбай қарсыласынан басым түсіп қана қоймай, украиналық боксшы ереже бұзғаны үшін бір ұпайынан айырылды.

Осылайша, Нұрбек Оралбай сенімді жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізген тағы бір қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан да жеңіске жетті.

Фото: ҚР бокс федерациясы