Мәзір
Бокс

Нұрбек Мұрсал әлем кубогының жартылай финалында сынға түседі

Сабина Асқарқызы 181 қаралым
Нұрбек Мұрсал әлем кубогының жартылай финалында сынға түседі

Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына жолдама алды, деп жазады malimsports.kz. 

Ширек финалда ол Қырғызстан өкілі Ихтиар Нишоновпен жұдырықтасты.

Мұрсал кездесу барысында басымдық танытып, жеңіске жетті және әлем кубогының жартылай финалына өтті.

Осылайша ол кем дегенде қола медаль иегері атану құқығына ие болды.

Нұрбектің жартылай финалдағы қарсыласы Украина боксшысы Юрий Захарьев болмақ.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар