Назым Қызайбай туған күнінде күміс жүлдеге қол жеткізді

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шешуші айқаста қазақстандық боксшы үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек төрешілердің бөлінген шешімімен үндістандық спортшының пайдасына аяқталды.
1-раунд: Минакши 4:1 есебімен жеңді.
2-раунд: Қызайбай 3:2 есебімен басым түсті.
Қорытындысында төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға берді.
Төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері
Осы нәтижемен Назым Қызайбай төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Ол бұған дейін үш рет әлем чемпионы атанған болатын.
Ерекше күн
Айта кетейік, дәл бүгін, финал өткен күні, Назым Қызайбайдың туған күні. Әлемнің үш дүркін чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері 32 жасқа толды.
Фото: Бокс федерациясы

Ең көп оқылған
