Мәзір
Бокс

Назым Қызайбай Олимпиада жүлдегерін жарыс жолынан шығарды

Сабина Асқарқызы 57 қаралым
Назым Қызайбай Олимпиада жүлдегерін жарыс жолынан шығарды

Әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай 54 келі салмақтағы жарысты сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

1/8 финал кезеңінде қазақстандық боксшы осы салмақтағы басты фавориттердің бірі саналатын, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен (Оңтүстік Корея) қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында Назым белсенді қимылдап, барлық үш раундта басымдық көрсетті. Төрешілер шешімімен отандасымыз 4:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, Қызайбай бұл турнирде жаңа – 54 келі салмақта өнер көрсетіп жатыр. Соған қарамастан, ол алғашқы кездесудің өзінде жоғары деңгейін дәлелдеп, медаль үшін күресін жалғастырады.

Мұның алдында, ерлер арасындағы 55 келіде жұдырықтасқан  Тимур Қабдешов 1/16 финалда Бразилия боксшысы Келви Триндадпен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар