457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Назым Қызайбай Олимпиада туралы ерекше естелігімен бөлісті

32 жастағы спортшы Олимпиададан түскен фотосын бөлісіп, жасының үлкендігін алға тартып, көп адамның оның жеңілуін болжағанын еске алды.

Париж Олимпиаданың қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Instagram желісінде өзін-өзі бағалау мен өзіне сенудің маңыздылығы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

32 жастағы спортшы Олимпиададан түскен фотосын бөлісіп, жасының үлкендігін алға тартып, көп адамның оның жеңілуін болжағанын еске алды.

«Осы суретке қараған сайын артта қаншама сынақ қалғанын қайта сезінемін... Бұл фото тек қола медаль туралы емес. Бұл - сенімсіздікке, күмәнға және өзгенің пікіріне қарамастан жалғасқан жолдың дәлелі. Лицензиялық турнир алдында көп адам мені тым кәрі деп айтты. Бірақ менің арманым үшін қаншалықты ауыр еңбек еткенімді ешкім білмейді», - деді боксшы.

Назым Қызайбайдың айтуынша, кейбір хейтерлер оған Олимпиадаға жолдама ала алмайтынын, ал алған күннің өзінде алғашқы жекпе-жекте жеңілетінін жазған.

«Көп адам маған сенбеді. Бірақ мен өзіме сендім. Өзгенің сөзі маңызды емес, тек жүрегіңді тыңда», - деп түйіндеді спортшы.

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында Назым Қызайбай Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ, спортшы биыл әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы атанды. 

Фото: gettyimages.com