457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Нәтижесі жойылды»: Ангелина Лукас сенсациялық жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Ол Instagram желісінде 14 қарашада өткен кездесу «No Contest» деп танылғанын растаған бірнеше жазба жариялады.

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бірнеше күн бұрын Мысырда өткен жекпе-жегінің нәтижесі күшін жойғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Ол Instagram желісінде 14 қарашада өткен кездесу «No Contest» деп танылғанын растаған бірнеше жазба жариялады.

Алғашқы жазбасында Лукас қазақстандықтарды жекпе-жек видеоларын көріп шығуға шақырды.

«Рингте нағыз шайқас болды - мен соңына дейін біздің ту үшін, сіздер үшін, еліміз үшін айқастым. Бүгін жекпе-жек ресми түрде No Contest деп танылды: қарсыласымның жеңісі есептелмейді, ол допинг-тесттен өтпеді және төрешілікте қателіктер анықталды. Ең маңыздысы - әр раундты адал, ашық және соңғы секундқа дейін өткізгенімді білемін. Маған сеніп, қолдау білдірген барлық жанға алғыс айтамын - сіздердің энергияларыңыз әрқашан менімен бірге», - деп жазды Ангелина Лукас.

Фото: Ашық дереккөзден