Мәзір
Бокс

Наталья Богданова әлем чемпионатының жүлдесін қамтамасыз етті

Сабина Асқарқызы 20 қаралым
Наталья Богданова әлем чемпионатының жүлдесін қамтамасыз етті

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтыншы жарыс күнінде қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетіп, бірқатары келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

70 келі салмақта өнер көрсеткен Наталья Богданова ширек финалда түркиялық Сема Чалышканмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осы нәтижесінің арқасында жерлесіміз жартылай финалға шығып, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды.

Сондай-ақ әйелдер арасында үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 кг) 1/8 финалда мажарстандық Лилла Селецкимен қолғап түйістіріп, қарсыласын нокдаунға түсірді. Ол да айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

 

 

Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар