457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мұхтархан Ділдәбеков Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді

Атақты боксшы Жәнібек Әлімханұлын қолдауға шақырды.

Өткен аптада орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған препарат анықталғаны туралы хабар тарады. Сол себепті жерлесіміздің үшінші титул сарапқа салынған жекпе-жегі өтпей қалды, деп жазады malimsports.kz

EL.kz ақпарат агенттігі Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Мұхтар Ділдәбековтен осы жайтқа қатысты пікірін білген еді.

Жәнібекті бұрыннан білемін, ол допинг қабылдайтын жігіт емес, өзі жеп жүрген тамағын да, қабылдап жүрген дәрумендерін де өзгертпегенін айтты. Кезінде бізден де допингке сынамалар алатын. Жалпы, Жәнібектің не жеп, не ішіп жүргенін қасындағы бапкерлері, промоутерлері толықтай бақылап, біліп отыруы керек. Өз басым оның тыйым салынған препарат қабылдағанына сенбеймін, - деді Ділдәбеков.

Атақты боксшы Әлімханұлын қолдауға шақырды.

Бәріміз айқас өтеді, Әлімханұлы үшінші чемпиондық атағына қол жеткізеді деп отырғанда осындай келеңсіз жаңалық естідік. Жәнібектің өзіне де оңай емес, үлкен аренада көптен күткен кездесуін өткіземін деп дайындалып жүрген. Сондықтан міндетті түрде қайта тексеруді талап етуі керек. Бәріміз боксшымызды қолдаймыз. Әлеуметтік желіге не болса соны жаза бермейік. Ол әлі де көздеген мақсатына жетіп, барлық белбеуді иеленеді деп үміттенеміз. Бұған дейін қалай қолдасақ, сол қолдауды еке есе арттыратын кез келді. Еңсесі түспесін, себебі бізде Жәнібек секілді кәсіпқой бокста атой салып жүрген жігіттер аз, – деді Олимпиада жүлдегері.

Ол Жәнібек секілді белді спортшылардың жанында өз саласын жіті білетін мамандар ғана жүруі керек деп санайды.

Жәнібектің жанында сол саланы меңгерген нағыз кәсіби мамандар ғана жүруі керек. Өкінішке қарай, оның бапкерлері ондай маман емес. Геннадий Головкиннің жанында сондай адамдар болды, соның арқасында Головкин талай жетістікке жетті. Қазір кез келген нәрсені жіті тексеру керек. Ет жесе, сол малды немен баққаны, оған не бергеніне дейін маңызды. Себебі малды семіртеміз деп неше түрлі дәрі-дәрмекті, қоспаларды беретіндер көп. Сондықтан әсіресе спортшыларға сақ болған жөн. Алда осы сәттерді ескеріп, кәсіпқой бокстың шыңына шығады деп үміттенемін, – деп қосты Ділдәбеков.

Сондай-ақ Мұхтархан Ділдәбековтің Qazaq Style-дің болашағы жайлы да ойын білдік.

Егер расталса, онда белгілі бір мерзімге спорттан шеттетіледі. Ал расталмса, онда карьерасын жалғастыра береді. Бәрі жақсы болсын деп тілейік, – деп түйіндеді сөзін ол.

Фото: Ашық дереккөзден