457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өзбекстандық әлем чемпионын жеңді

Жұрақұлов – 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа кубогы» турнирі басталды. Халықаралық додада алғашқы жекпе-жектердің бірінде Қазақстан мен Өзбекстан спортшылары шаршы алаңда кездесті.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы өзбекстандық Абдулазиз Жұрақұловпен қолғап түйістірді. Айта кетейік, Жұрақұлов – 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Үш раундқа созылған тартысты кездесуде төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Базарбайұлы турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал өзбекстандық спортшы жарысты ерте аяқтады.

Еске салсақ, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Қазақстан намысын 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қорғап, турнирдің ширек финалына дейін жеткен болатын.

Софиядағы «Странджа-2026» турнирі 1 наурыз күні мәресіне жетеді. Халық арасында бұл жарыс «бокстан кіші әлем чемпионаты» деп те аталады.

Биылғы додада Қазақстан құрамасынан барлығы 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) бақ сынайды. Кейбір салмақ дәрежелерінде ел намысын бірден үш спортшы қорғайды.

Фото: ҰОК