Мемлекет басшысы Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді. Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді, - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Айта кетейік, салтанатты рәсім өткен демалыс күндері АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласында өтті. Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енген Қазақстан тарихындағы алғашқы өкіл атанды. Қазіргі таңда әйгілі боксшы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін, сондай-ақ World Boxing халықаралық федерациясын басқарады.
Фото: Ақорда
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған