Мейвезер мен Пакьяо арасында екінші жекпе-жек өтетін болды
Кәсіпқой боксшылар Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо 19 қыркүйекте Лас-Вегаста жекпе-жекке шығатын болды.
Аталған кездесу Лас-Вегастағы Sphere аренасында өтеді. Бұл туралы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсететін Netflix мәлімдеді. Қос боксшы алғаш рет 2015 жылдың мамыр айында кездескен еді. Ол уақытта Мейвезер төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткен.
Алғашқы айқас бокс тарихындағы ең табысты жекпе-жектердің бірі атанып, ақылы трансляциялар мен кассалық түсім бойынша рекорд жаңартқан болатын. Сол кездесуде Мейвезер жартылай орта салмақтағы WBA, WBC және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерге ие болды.
49 жастағы Мейвезер бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған боксшы. Ол 2017 жылы ирландиялық ММА жұлдызы Конор Макгрегор қарсы жекпе-жектен кейін кәсіби мансабын аяқтады. Кәсіпқой рингте 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Мансабын аяқтағаннан кейін де көрме жекпе-жектерін өткізіп келеді. Сондай-ақ 2026 жылы оның Майк Тайсон қарсы айқасы өтуі мүмкін екені хабарланған.
47 жастағы Пакьяо тарихта сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы. Ол былтыр төрт жылдық үзілістен кейін рингке оралып, жартылай орта салмақта WBC чемпионы болған америкалық Марио Барриосқа қарсы жекпе-жек өткізген еді. Кездесу қорытындысы тең нәтижемен аяқталды.
Айта кететін жайт, Пакьяо 18 сәуірде жартылай орта салмақтағы бұрынғы WBO чемпионы ресейлік Руслан Проводников қарсы жекпе-жекке шығатыны айтылды.
Филиппин боксшысы 62 жеңіске жетіп, сегіз рет есе жіберген. Сонымен бірге, үш жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған.
фото: Reuters.
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған