457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мейірім Нұрсұлтанов WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпиондық белбеу үшін өтетін маңызды жекпе-жек қарсаңында жағымды жаңалық естіді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Нұрсұлтанов жеңсе, Адамеспен чемпиондық жекпе-жек өткізуі мүмкін

Нұрсұлтанов 19 қыркүйекте америкалық Хесус Рамос кішімен (24-1, 19 КО) жұдырықтасады. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы міндетті үміткер атанады.

Егер Нұрсұлтанов Рамосты жеңсе, оның келесі қарсыласы WBC чемпионы доминикандық Карлос Адамес (25-1-1, 18 КО) болуы ықтимал.

Адамес бұған дейін міндетті титулдық қорғанысын бірнеше рет кейінге қалдырған. Сондай-ақ ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу мәселесінде де бірнеше рет шегінген.

Алайда танымал инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, Адамеске аралық жекпе-жек өткізуге рұқсат берілмеген. Яғни доминикандық боксшы чемпиондық белбеуін міндетті түрде қорғауы тиіс.

Осыған байланысты Нұрсұлтанов Рамосты жеңген жағдайда, Адамеспен бірден WBC-нің негізгі чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл қазақстандық боксшы үшін мансабындағы алғашқы әлемдік титулдық жекпе-жек болуы мүмкін.

Нұрсұлтанов үш жылдан кейін рингке оралады

19 қыркүйектегі жекпе-жек Нұрсұлтанов үшін ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2023 жылы Ташкентте өткізіп, чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.

32 жастағы Нұрсұлтанов кәсіби мансабында әлі жеңілген жоқ. Оның рекордында 20 жеңіс бар, соның 11-ін нокаутпен аяқтаған.

Ал Хесус Рамос кіші де соңғы жекпе-жегінде жеңіске жетті. 2025 жылғы желтоқсанда Сан-Антониода өткен кездесуде ол америкалық Шейн Мозли кішіны (23-5, 13 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты.

 

Фото:  ©instagram.com/adal_promotions/