Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі көшбасшылығын сақтап қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі, деп хабарлайды malimsports.kz.
Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде Мейірім орта салмақтағы әлемнің үздік боксшылары тізімінде бірінші орнын сақтап қалды. Ал бұл салмақтағы чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі.
Айта кетерлігі, Нұрсұлтанов – WBC рейтингінің топ-15 тізіміндегі Қазақстаннан жалғыз боксшы.
Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылдың қараша айында шаршы алаңға шығып, Ташкентте (Өзбекстан) чилилік Хулио Аламосты жеңген еді.
32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабында 20 жеңіс (оның 11-і нокаутпен) және бірде-бір жеңіліс жоқ.
Фото: ©instagram.com/meiirim.nursultanov
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған