457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мейірім Нұрсұлтанов уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады

Бұл кездесу Нұрсұлтановтың кәсіби мансабындағы ең маңызды айқастардың бірі болмақ.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін америкалық Хесус Рамоспен (кіші) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Бұл кездесу Нұрсұлтановтың кәсіби мансабындағы ең маңызды айқастардың бірі болмақ. Қазақстандық былғары қолғап шебері WBC рейтингіндегі міндетті үміткер мәртебесіне ие болып, титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігін алды. Қазіргі таңда WBC-дің уақытша чемпиондық белбеуі Хесус Рамостың еншісінде.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жекпе-жек 2026 жылдың 19 қыркүйегінде өтеді. Кездесуді АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы The Cosmopolitan аренасында ұйымдастыру жоспарланып отыр. Дегенмен америкалық инсайдер Лэнс Пагмайр бұған дейін айқастың Аризона штатында өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіби рингте әлі күнге дейін жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Ол барлық жекпе-жегінде жеңіске жетіп, орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі екенін дәлелдеп келеді.

Алдағы титулдық кездесуде жеңіске жеткен жағдайда қазақстандық боксшы WBC тұжырымы бойынша толыққанды әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алады. Бұл оның кәсіби мансабындағы ең ірі белестердің біріне айналмақ.

Жекпе-жекке қатысты келісімнің жасалғанын бірнеше шетелдік ақпарат көзі растады. Айқас туралы ресми хабарлама жақын күндері жарияланады деп күтіліп отыр. 

Фото: instagram.com/meiirim.nursultanov/adal_promotions/