Мәзір
Бокс

Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық белбеуге Таиландта дайындалып жатыр

Сабина Асқарқызы 66 қаралым
Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық белбеуге Таиландта дайындалып жатыр

Кәсіпқой бокста әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) шаршы алаңға қайта оралуға дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазіргі таңда спортшы оқу-жаттығу жиынын Таиландтың Пхукет аралында өткізуде. Нұрсұлтановпен бірге жұмыс істейтін жаттықтырушы Джон Хатчинсон Instagram желісінде боксшымен түскен суретін жариялап, оның басты мақсаты – әлем чемпионы атағын жеңіп алу екенін атап өтті.

«Бұл жиын енді қарқын туралы емес. Ең бастысы – дәлдік. Белбеу уақыты келді», – деп жазды жаттықтырушы.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер саналады. Қазіргі таңда бұл белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) тиесілі. Қазақстандық боксшы соңғы рет 2023 жылы рингке шыққан болатын.

Сондай-ақ, осы салмақта Қазақстанның тағы бір чемпионы – Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді.

 

 

ФОТО: Getty images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар